ҚАРА ӨЛЕҢ - СЫРЛАСЫМ
Ұзақ уақыт өтіпті - ау, былтырғының жазынан,
Алыстапта қалыппын, қара өлең сазынан.
Жылға таяу болса да, қоштасқалы қаламмен,
Жүрегімде қалыпты, ең бағалы қазынам.
Қанша болды, қара өлеңге шертпегелі сырымды,
Қанша болды, ақ қағазға төкпегелі жырымды.
Қанша болды, көңілдегі басылмады сағыныш,
Қанша болды, сезбегелі қара өлеңнен жылуды.
Бойымдағы адал досым, сырласым,
Ең жақыным, мұң бөлісер мұңдасым.
Қайта айнала, қалам алдым қолыма,
Сыр ақтарам, ақ қағазым тыңдасын.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі