Өлең, жыр, ақындар

Мен қазақпын!

Мен қазақпын!
Тылсыммен үндесетін,
Тып - тыныш күн кешетін,
Жат болып туылмайтын,
Жар болып қуылмайтын
Алты жыл аразда да
Арасы суынбайтын.
Арынан айғақ қуған
Айналған байрақты ұлдан
Анасы даласына
Баласын байлап туған.
Бауырын жамандатпайтын,
Қылышын жамандатпайтын,
Ағайын араз болып,
Арам қатпайтын.
Намысын таптатпаған,
Сараң сөз саптатпаған,
Арыса, азғындаса,
Ұлын да ақтатпаған.
Кемелі көзге жоқтаған,
Келелі өзге жоқ ғалам,
Патшасы - пақырын таңдап,
Аталы сөзге тоқтаған.
Дәрісі дастаны болған,
Әліптің астары болған
Бағыт пен уақытты нұсқар,
Аспаны болған.
Жетім деп айтып көрмеген,
Сертінен тайқым бермеген,
Үйінен ұзатылған қыз
Тірідей қайтып келмеген.
Жердегі тұлпарды мінген,
Көктегі тұлпарды ілген,
Сұлтанның сұлтандығын да
Туған жер ұлтаны білген.
Мен ҚАЗАҚПЫН!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз