Өлең, жыр, ақындар

Қарғалым менің

Қайран менің Қарғалым,
Құлазыпты жан-жағың.
Жайлауыңа сән берген,
Қайда кеткен малдарың.

Баурайыңды шарладым,
Жағдайыңды аңғардым.
Келбетіңе сән берген,
Сирепті жиде, талдарың.

Көп еді ғой жандарың,
Кеміген бе сандарың.
Шежіре айтар өткеннен,
Көрінбейді шалдарың.

Өшкені ме жанғаның,
Жарықтың тарттың зардабын.
«Ильич Нұры» атаған,
Қайда электр шамдарың.

Ойлайтын жоқ па, жұрт қамын,
Көрінеді жұтап тұрғаның.
Тас-талқаны шығыпты,
Дертке шипа суларың.

Өтірік деме осыным,
Бос қалыпты Тосының.
Қоныс біткен құлыпты,
Орынын көріп шошыдым.

Жер жаннаты-Қарғалым,
Жақсарар алда халдарың.
Салың суға кетпесін,
Қаппағандай қармағың.

Біткенде інжу-маржаның,
Қазбалап қайтем әржағын.
Жоқтан барды жасаған,
Қайырымы тисін Алланың.

Туған жерім-Қарғалым,
Өзіңе жыр арнадым.
Заман тыныш, көңіл шат.
Болса екен бар арманым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіл тағылымы

  • 0
  • 0

Тіл арқылы өтелер,
Рухани қажетің.
Өнеге алар өзіңе,
«Тыңдамасаң сөз жетім».

Толық

БАЙПАҚ СОТ

  • 0
  • 3

Қазір ақын арамызда көбейді,
Оларга ешкім тізгін тарт демейді.
Солардың арасында менде келем,
Бірі біліп, бірі әлі білмейді.

Толық

Заман-ай!

  • 0
  • 1

Қилы-қилы заман-ай,
Өзгерді қазір талабы-ай.
Еркіне көшті халықтың,
Күн көрістің амалы-ай.

Толық

Қарап көріңіз