Өлең, жыр, ақындар

Армандар орындалады!

Көз жүгірт өмір жолыңа, қонды ма бақыт қолыңа?
Қалағаныңдай болмаса, жасқанба, жатпа мойыма!
Уақытың – қымбат, әр сәтің, тиімді өткіз бағала!
Адамды еңбек шыңдайды, еңбексіз бағың жана ма?

Дамыған мына заманда, уақыт та жүйрік қозғалар
Қабілетіңді шыңдай біл, қалауын тапса қар жанар.
Ізденген адам табады, жазылған небір жазбалар
Қалауы аз адамның - нәтижесі аз болар.

Мақсатың болсын алдыңда, күн сайын жаса бір қадам,
Сабақ ал әрбір ісіңнен, сол үшін уақыт арнаған.
Серік ет жақсы ойларды, көңілің болсын асқақ ән
Жетістіктің тұғырын, оп-оңай ешкім баспаған.

Өзіңе сен, тоқтама, сенімің ақтап алады
Жалықпа, үйрен жақсыдан, еңбегің қорған болады.
Сабыр түбі – сары алтын, Жаратқан сәтін салғанда
Кәсіптің түбі – нәсіп деп, АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Гүлназ Кантайқызы

Қандай жақсы мағыналы жазыпсың .

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз