Өлең, жыр, ақындар

Жүрек неге зат болып жаралмаған?!

  • 18.04.2015
  • 1
  • 3
  • 21901
Қарғам менің!
Қарғам менің!
Аласарып барады арман-көгім.
Жалған десе, дүние жалған ба едің?!
Жараланған көңілім дал-дал менің.
Қауырсын ең үзілген қанатымнан,
Жанарымнан шуақ ең таратылған.
Қара басқа орнатып қара тұман,
Қайғым болдың, ойымда дара тұрған.
Күйзел жан, күңірен жан, күнә басып,
Айығар сәтің сенің, сірә, қашық.
Жабығып жарығында бұл жалғанның,
Бір түйір қаным менің жүр адасып...
Мен жүрмін бақыт қуып, даңқ қуып,
Сайраңдаған боламын сауық құрып.
Кінәсі жоқ қарғамды жабықтырып,
Жолай алмай құрыдым танып тұрып...
Қарғам, сені жайым жоқ кем көретін,
Бимағұлым тағдырың сен көретін.
Зат боп неге жүрегім жаралмаған?!
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін...



Пікірлер (3)

Мейіржан

Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жақсы көремін.Өйткені,ол əсерлі жазылған.Жəне мен ол өлеңдері сүйіп тыңдаймын.Əсіресе мен Ақ кимешек көрінсе өлеңін жақсы көремін.Пікір қалдырушы Мейіржан бала

Сания

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Сонда да біз...

  • 1
  • 3

Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба,
Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»!
Бұл өмірде баладан асыл бар ма,
Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба!

Толық

Жыр жалғасы

  • 0
  • 1

Жер төсінде керуенін шұбалтып,
Өмір көшіп барады.
Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып,
Көп нәрсе өшіп қалады.

Толық

Менің анкетам

  • 2
  • 12

— Туған жерің?
— Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
— Туған жылың?
— 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер