Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 31229
Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,
Бұл күнде сымдай тартылған.
Лүп етіп самал соқса да,
Ызыңдап қалар антұрған.
ЬІзыңдап, нәзік үн шығар,
Үн шығар-дағы тұншығар.
Шегіне жеткен сым-ішектер,
Үзілейін деп тұр. шығар...
Алдыма өзің келгесін,
Аянам енді мен несін.
Үзілсе, мейлі, үзілсін,
Басып бір көрші пернесін.
Баяғы сазы бар ма екен,
Қуаныш па екен, зар ма екен.
Сыңғырап тұрған сым-ішектер,
Бұл күнде қандай халде екен?!
Саусағың салып пернеме,
Сазды үнің шығар тербеле.
Тыншып бір тұрған тұлпарым,
Тықыршып қалсын кермеде.
Бұл күнде сымдай тартылған,
Жүрегім, жүйкем,бар тұлғам,
Айныма осы қалпыңнан!
Айныма осы қалпыңнан!!!



Пікірлер (2)

Нуракул

Өте күшті өлеңдержазған

Пікір қалдырыңыз

Қасқырға

  • 1
  • 2

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?

Толық

Бұлт

  • 0
  • 4

Тұңғиық, түпсіз көк аспан
Жайымен ғана жатыр сұлқ.
Керуендей адасқан
Келеді жылжып бір топ бұлт.

Толық

Аңғал досым-ай

  • 1
  • 4

Аңғал досым-ай,
He дейін саған, не дейін.
Көрінеді ішің,
Ашылса болды көмейің,

Толық

Қарап көріңіз