Өлең, жыр, ақындар

Жүр, қалқам

  • 18.04.2015
  • 1
  • 5
  • 15306
Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр.
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.
Айталық сыр,
Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір.
Сырласайық,
Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық,
Қыр басайық,
Өмсе бұлай мамырдың тұрмас айы.
Мұңдасайық.
Қос көңілдің пернесін бір басайық.
Танысайық,
Сенде - мамыр, ал менде - ағұс айы.
Табысайық,
Сенде - шырын, менде - дән, ауысайық?
Ауысайық,
Шырынын да, дәнін де тауысайық.
Құлақ талып,
Мына даңнан кетті ғой құлақ талып,
Жырақ барып,
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып.
...Бара жатыр жанымды бір от қарып,
Жастығым ба, тірілген құлап барып?..



Пікірлер (5)

Заңғар

Мұқағалидың бұрынғы жария етпеген,өлеңдері барма...?

Еламан

Мұқағали дың өлеңі керемет мысалы:Ей,баурым ,күрсінбеші Тағы басқа өлеңдері

азима гой

керемет

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Отырам да, қараймын

  • 0
  • 1

Дүниенің мұңына,
отырам да, қараймын,
Зомбылық езгі, масқара —
Көремін де, санаймын.

Толық

Жетінші ноябрь, Алматы

  • 1
  • 4

Бәрі де ұнасымды:
Неше тәулік түнерген күн ашылды,
Алаңдарды кернеген сән-салтанат,
Асылып Алатауға құлаш ұрды.

Толық

Мен сені сағынғанда

  • 3
  • 4

Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,

Толық

Қарап көріңіз