Өлең, жыр, ақындар

Өз елімді өзек етем жырларыма

Өз елімді өзек етем жырларыма
Тал бойыма өнер келіп тұнғаныма?
Мақтан етем жұдырықтай жүрегім алып ұшып
Маңғыстаудай маңғаз елде туғаныма!!!

Маңғыстауым- шарбәтпекен, балмекен?
Жер бетінде сендей өлке бармекен?
Осы өлкеде кіндік қаным тамған соң
Мақтаныш қып, жырға қосып нар етем.

Жырлап-дағы тұңғиықпен ой ішін
Өз өлкемде арта берсін жемісім
Кейде шіркін қанат қағып самғасам
Туған жерім, сенің осы жеңісің.

Көріктіде,әсем жерлер көп бізде
Қонақтауға келесіз бе сіз бізге?
Біздің өлке жатқан жазық жер емес
Адайларым атқа қонған бұл жерде!

Самғап шіркін көгінде тек шағала
Каспийімді айтпай кету бола ма?
Шабыттанам толқындарға қарасам
Кеудем шіркін тынышталып қалар ма???

Жырақ кетсем, сағынады кең кеудем
Өлең жазып етсем деймін бір елең
Айып шығар, кешірілмес ешқашан
Туған жерге арнамасам бір өлең



Пікірлер (2)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Өз елімді өзек етем жырларыма

  • 0
  • 2

Жаңаөзенім, елуге қадам басыпсың
Асудан алып асыпсың
Жарты ғасыр қоржында
Гүлденіп шіркін қалыпсың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар