Өлең, жыр, ақындар

Хаттар

  • 30.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1571
Кездерімде көп қағазды ақтарған,
Көрем ұдай бір жылылық хаттардан.
Естігендей болам күлкі сыңғырын,
Сағындырған сонау тәтті шақтардан.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Жұпар иіс соғар жазғы бақтардан.
Жыршы құстың үндеріндей көктемгі,
Жолдар кейбір көкейімде жатталған.
Кездерімде кейбір хатты ақтарған,
Көңілді үндер естіледі шат-шадыман.
Кейбір хаттың ескерткіш боп иесі,
Қорғасындай ауыр ұйып жатты арман.
Онда не бір ақтармаған сырлар бар,
Онда не бір бүркенеді шыңдар қар.
Сарғыш тартқан хаттар бетін ашқанда,
Көз алдыңнан өтер не бір сындарлар.
Ей, өмір–ай, аққан өзен сыңғырап,
Тайбурылдың шабысындай құлдырап,
Сол бір хаттар жапырақтай күздегі
Көз алдыңнан ұшып кеткен бұлдырап.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Бейне кәусар жұтқандаймын бастаудан.
Шашы ағарған жесірлердің жүзінен,
Байқап қалам омырауға жасты ауған.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Тосылады қызғалдақтар шоқтанған.
Әкелердің, ағалардың қабірі,
Жалғызаяқ жолы жатыр тапталған.
Қызғалдақтай қаулап өскен тәтті арман,
Сүрлеу болып табандарға тапталған.
Көп үндерді есітемін хаттардан,
Көп сырларды оқимын мен сақталған,
Осынау бір хаттардан,
Тәтті арман,
Гүл жамырап —
Бара жатыр
бақтардан.
Сүрлеу,
Соқпақ,
Тапталған,
Хаттардан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Той толғанысы

  • 0
  • 0

Мәңгілік даңққа бөлеп сүйікті елді,
Асты, әне,
Өмір көші биік белді.
Партия сарқылмайтын мол шуағын

Толық

Көңіл де бір жас орман

  • 0
  • 0

Көңіл деген бір жас орман сыңсиды,
Орман түні жайлап бірде тыншиды.
Дауыл, дауыл жапырағын жұлмалап,
Қытымыр қыс балтырынан шымшиды.

Толық

Құм суреті

  • 0
  • 0

Қиыр-қиыр, қиыр құм,
Сұр жыландай иір құм.
Қадау-қадау сексеуіл,
Буын-буын бұйырғын.

Толық

Қарап көріңіз