Өлең, жыр, ақындар

ЕЙ, АДАМДАР!

  • mendi
  • 21.09.2018
  • 1
  • 1
  • 13346
Ей, адамдар!
Асықпайық, кіналауға бірімізді-біріміз,
Бәрімізде періште емес, жаратқанның құлымыз.
Ең әуелі, біз өзіміз кішіпейіл болайық,
Иманды, адал болсын десек, қызымыз бен ұлымыз!
Ей, адамдар!
Біз өзіміз мейірімді, қайырымды болайық,
Ата-анаға құрмет , ізет көрсетелік лайық.
Баламызға бүгін берген тәрбие мен тәлімің-
Ертең кері өзімізге қайтатынын ұғайық!
Ей, адамдар!
Сыйласайық, сырласайық, дос –жаранды демейік,
Махаббатың шапағатын айналаға төгейік.
«Нені ексек-соны оратын» диқан мына өзіміз,
Жас ұрпақтан тек адамдық, жақсылықты көрейік!
Ей, адамдар!
Мына өмірдің жалғандығын, түсінейік ұғайық,
Тек Алладан жақсылық пен қайырлы іс сұрайық....
Бұл ғұмыда қысқа ғана келте қамшы сабындай,
Араласып, хал сұрасып, амандасып, тұрайық!



Пікірлер (1)

У. И. Б

Әр сөзге үңіліп қараса, терең мағыналы тәрбие жатыр

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз