Өлең, жыр, ақындар

Сүю үшін

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2053
Жүрегім бар сүю үшін жаралған,
Соғады ұдай жалын алып жанардан.
Төңіректен әнге, күйге малынып,
Тоғысады бір өзінде бар арман.
Сол сезеді тәттіңді де, ащыны,
(Емес, сірә, бұл өмірдің қашқыны).
Түймедей боп тұрғанменен кеудеде,
Бір өзінде өмірдің өр тасқыны.
Өзі емес пе, өзгеге тіл қататын,
Өзі емес пе, түн боп қалғып жататын.
Өзі емес пе, самал боп сыбырлап,
Өзі емес пе, аппақ таң боп ататын.
Кейде асау, тулап-тулап кетеді,
Тәкаппар ғой, кейде мазақ етеді.
Бұл кеудемде соғып тұрса ұдайы,
Жалыны да, жылауы да жетеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенім

  • 0
  • 0

Өзің барда көрмеспін де күрсініп,
Өз күшіне енді мына тіршілік.
Тартсам да мен бір сен үшін азапты,
Табынбаспын, тағдырыңа құлшынып!..

Толық

Таңғы шық

  • 0
  • 0

Меруерттей мөлдіреді,
Шөп басына шық тұнып.
Гүл желегі желбіреді,
Нәзіктігін ұқтырып.

Толық

Жалғасады, таусылмайды көк белең

  • 0
  • 0

Шарық ұратын күндерді ойлап кеше бір,
Шындықты іздеп,
Шыр айналды жас өмір...
Жамағаттың жайлауларын мекендеп,

Толық

Қарап көріңіз