Өлең, жыр, ақындар

Сынық қанат көбелек

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3265
Байқатар ма керуен жылдар озғанын,
Байқатар ма асыл кездік тозғанын.
Байқатар ма кеудедегі бір үміт,
Арман атты асуға қол созғанын.
Озғанменен жылдар көші тым жырақ,
Түйгенменен аспан қабақ тұнжырап.
Арман дейтін нәзік гүл ғой кеудеде,
Дауыл соқса мың тұратын, мың құлап.
Ұшқын ба әлде маздап барып жанатын,
Самал ма әлде есіп рахат табатын.
Арман дейтін тыншу бермес бір тылсым,
Ұқсатам мен көбелектің қанатын.
Дірілдеген ала қанат, ақ қанат,
Керек емес оған әсте бақ, шарап.
Талмайды да қанаты оның нәп-нәзік,
Мейлің өсек, қиянат дейтін оқпен ат.
Шырын іздеп дамыл алмай ұшады.
Құшырлана балғын гүлді құшады.
Шырын өмір, тірлік сүйген көбелек,
Бәрін – бәрін құшағына қысады.
Гүл біткенді жатсынбайды, өбеді,
Бар сезімін, сағынышын төгеді.
Шіркін, сол бір титтей ғана жәндіктің
Құштарлығы қандай ғана көп еді?!
Құласа да қанаты оның дірілдеп,
Аңсайды ғой бүл өмірдің нұрын көп.
Күбірлейді "шіркін, гүлдер, шырын" деп,
Көз жұмарда бүл тірліктен біріндеп.
Сол көбелек қанатынан аумаған,
Мөлдір шықтай жапырақтан аунаған.
Ұнатамын тұнық бастау сезімді,
Жыртық үйден тамшыламай саулаған.
Ұнатамын көбелектің ұшқанын,
Ұнатамын балғын гүлді құшқанын.
Ұнатамын қанатының дірілдеп,
Таусылмайтын сағынышын, құштарын.
Ұнатамын гүлге келіп қонғанын,
Жаудыраған жанарға мұң толғанын,
Ұнатамын адамдардың өмірде,
Көбелектей тынымы жоқ болғанын.
Ұнатамын нәзік қанат қаққанын,
Көңілдің де, көбелектің аппағын,
Ұнатамын толасы жоқ кеудеде,
Бір толқынның тасып, тулап жатқанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайрау жыры

  • 0
  • 0

Мұңайып жалғыздықты айта берме,
Жігітім,
Сал өзіңді қайқаң өрге.
Күн жалғыз,

Толық

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Сапарда туған сан ойлар

  • 0
  • 0

Дұғай сәлем еліме Омбыдағы,
Омбы деген білімнің мол бұлағы.
Қарасаңыз Омбының өткеніне,
Талай терең ойларға шомдырады.

Толық

Қарап көріңіз