Өлең, жыр, ақындар

Көңіл күйі

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1698
Шаршамас, сірә, бұл ақын,
Шаршатпай күңді қартамыс.
Мезгілі жоқ бір тынатын,
Өмірде мынау арпалыс.
Қиындық алдан күтпесең,
Кім жақсылық берем дер.
Ұзақ жолдай бітпе сен,
Ей, періште өлеңдер,
Өзіңе үміт жалғадым,
Құзарға қонған бір емен.
Көп те ғой менің арманым,
Қысқа өмір саған тілемен.
Көремін кейде биіктен,
Көгілдір сағым көшкенін.
Бұл сырды бұрын біліп пе ем,
Біреуге керек өшкенің.
Біреуге керек жанғаның,
Жанары толып қарайды.
Үмітін жалғап алға күн,
Атады таңдар арайлы.
Аттанам арман жолға мың,
Артта да қалам үлгірмей.
Біреуге керек солғаның,
Үзілген балғын бір гүлдей
Біреуге керек жеткені,
Қолыңның сонау Айға нақ.
Өмірдің тар ғой өткелі,
Кететін кейде тайғанап.
Үлкені дей бер олжаның,
Қаршыға болып жыр ілсең.
Досқа да таба болғаның,
Абайсыз жолда сүрінсең.
Күндерді күтем асығып,
Көңілді әнмен уатып.
Алдымен сырды жасырып,
Артынан жүрме жұбатып.
Соғады тынбай жүрегім,
Шалқиды тынбай бір айдын.
Күлсем де шын күлемін,
Жыласам шын жылаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аласа

  • 0
  • 0

Айтпа, бауырым, үйінді аласа деп,
Бұл маңда биік үйлер бар аса көп.
Жаның биік болғасын барлығынан,
Дос-жарандар түсеміз таласа кеп.

Толық

Алтын бесік

  • 0
  • 0

Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.

Толық

Ақын тағдыры

  • 0
  • 0

Жыр туралы жаздым жыр,
Болмайды деп жылтырақ.
Жыр жолынан алдым нұр,
Жанды ішімде бір шырақ.

Толық

Қарап көріңіз