Өлең, жыр, ақындар

Жан aпa, ұлғайды жарам

  • 05.09.2018
  • 0
  • 1
  • 5099
Жан aпa, ұлғайды жарам,
Басыңа жаз келе барам.
Шашымнан сипашы келіп,
Санам сұр, садақам сараң.
Ақылым ашыған айран,
Ғұмырым шарасыз шалған.
Құмарлық салғанда тайраң,
Сезімім панасыз қалған.
Күндерім күлкіні ұмытып,
Түндерді жаман түс билеген.
Көңілді қиялым жылытып,
Өмірге басын имеген.
Тым ерте озып қатардан,
Жан апа, жоғалған арман.
Сен емес, келді сапардан,
Бантигің көгалда қалған.
Жан апа, кешір мұңымды,
Сен жоқсың шырқым келмейді.
Сағыныш ойран сап бұрымды,
Қысқы түн ұйқы бермейді.



Пікірлер (1)

каусар

апамды сагындым. апам наурызда кеткен еди осы жылы. 57 де болатын. 31 желтоксан 58 ге толар еди тым ерте кетти. оны сондай жаксы корем жаны жанната болсын

Пікір қалдырыңыз

Тағдырым – қыз...

  • 0
  • 1

Тағдырым – қыз,
Ән-жырым – Сіз
Қашанда.
Өле-өлгенше,

Толық

Қас қағым сәт

  • 0
  • 0

Тәж кигендей, күндерім, түнім шекер,
«Күнім» дедім. Сонан соң дірілдедім.
Жақындадым, болды ма мұным бекер.
Мықты намыс майысып, сүрінгенім.

Толық

Сен жайлы ойлағым келмейді

  • 0
  • 0

Сен жайлы ойлағым келмейді,
Бүгін де, ертең де.
Салынған селтеңге
Жаныма ермейді

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар