Өлең, жыр, ақындар

Емханада

  • 17.04.2015
  • 1
  • 6
  • 29288
Өкінішті...
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.
Өкінішті...
О, Жүрек!
Менің алтын қазығым-ау!
Қайтейін, қажыдың-ау.
...Қытықтаған бауырдың «назы» мынау.
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау!
He істемекпін?
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін:
Жүрегім - Африка, бауырым - Кипр,
Миым - Мұзды мұхиттай...
He істемекпін?..



Пікірлер (6)

Марина

Керемет ақын ғой ! ❤❤❤

Бағжан

Керемет қой өлеңдері

Ақнұр

Өте керемет тақпақ

Еркеназ

Мұқағали Мақатаев - Емханада ❤❤❤

Айару

Мұқағали Мақатаев менің ең сүйікті ақыным

Пікір қалдырыңыз

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

  • 1
  • 3

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.

Толық

Басыма менің, бақ, қондың

  • 1
  • 3

Орынсыз ойнап, күлгенде,
Опық жеп талай жүргенде,
Басыма менің, Бақ, қондың,
Байқаусыз шақта, бірдемде

Толық

Бақыт деген не өзі?

  • 1
  • 3

«Бақыт деген не өзі?», –
деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп,
бірі қырдан әрі асты.

Толық

Қарап көріңіз