Өлең, жыр, ақындар

Бақыт жайлы

  • 27.08.2018
  • 1
  • 1
  • 7356
— Мазалайды көңілді сұрақ талай.
Үмітімді күндерім жүр ақтамай.
Бақыт қайсы,
Өмірде барлығы да
Баянсыз өте шықса тұрақтамай?
— Қыс өтеді,
Ериді сүт — ақ қар да.
Көгереді жапырақ, бұтақтар да.
Уақыттың қанатты сусылынан
Жыртылады жыр толы кітаптар да.
Өзгереді осылай мұның бәрі:
Тартылады өзендер түбінде әлі.
Ақ аспан да кейде ашық, кейде бұлты,
Күзгі күндей дүние құбылмалы.
Көрінбейді кешегі таныс ағай.
Ағарады күн өтсе әлі самай.
Тіршілікте бәрісі өзгереді,
Өзгереді,
өйткені заңы солай!
Тоқтамаса
тіршілік нәрін үзіп,
Ауырмасаң,
жүйкені дәрі бұзып,
Ащы-тұщы,
Шат-мұңды,
Барлы-жоқты
Аман жүрген күндердің бәрі қызық.
Жау шаппаса,
оқыстан іргеңді ала,
Жайқалады алқызыл гүлмен дала.
Бақытты ма?
Бақытты — дер кезінде
Бар нәрсенің қадірін білген ғана.



Пікірлер (1)

Арайлым

Оте керемет маган унады

Пікір қалдырыңыз

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!

Толық

Күн шыққанда күліп оян

  • 0
  • 0

Көктем келсе — құлпырар гүл әрқашан,
Жапырақ жайса — бітеді шынарға сән.
Ештеңеге шаттана алмайсың сен —
Қаулап өскен шалғынға қуанбасаң.

Толық

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Қызыл бидай, ақкүріш,
Қырман боп үйдің ішінде,
Төгіліп тастап жатты ырыс
Түнімен менің түсімде.

Толық

Қарап көріңіз