Өлең, жыр, ақындар

Елім барда

  • 17.04.2015
  • 1
  • 20
  • 70916
He сыйлайды, не береді келер күн?!
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын баытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.
He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн.
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім түғырында тұрса екен,
Әрі қарай...
Әрі қарай көрермін...



Пікірлер (20)

нұртілеу

класс

Жанар

Оте керемет

Бекет

жаксы норм

Айнұр

Өте күшті

Сания

Күшті

Махаббат

Мәнермен оқитын адамға керемет өлең

аяулым

керемет

Айгерим

Тамаша

Гүлнұр

Тамаша

Рауан

Баытым деген соз не ол? А былай керемет!!!

Ерболат

Бақытым болу керек, Опечатка болған шығар

АСЕМАЙ

Өте керемет өлендер екен

Қыдырәлі

Керемет

Сара

Әрі қарай көрермін...

Елнұр

тамаша

Елнұр

Жаксы

Рамазан

Оте кушты

Рамазан

Жаксы

Ерсұлтан

Керемет өлең екен маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Үзіліп түскен алмадай

  • 1
  • 5

Үзіліп түскен алмадай,
Үзіліп көңіл қалғаны-ай!
Арыма басқан таңбадай,
Арылмай қойды-ау дау-дамай!

Толық

Лайсаңда

  • 1
  • 2

Көше лайсаң, күн тұман.
Ағаштар тұр арса-арса.
Мен біреуге ұмтылам,
Біреу мені қарсы алса.

Толық

Жазғырма мені, жан-аға

  • 1
  • 4

Жазғырма мені, жан-аға,
Жаманға мені балама.
Жалғыз түп емен көріп пе ең,
Жабырқап тұрған далада?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер