Өлең, жыр, ақындар

Аппақ қар, жасыл шыршалар

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3855
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман,
Құралатын сияқты жыл солардан.
Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға,
Жылдың иісі шығады шыршалардан.
Шырша сатып алғандар оны құптар,
Жатыр жермен жаңадан жолығып қар.
Жаңа жылдың аязды ауасында
Таңнан бері тап-таза сонылық бар!
Қыз-келіншек жайдары, ерке кілең,
Есіңді алар алмадай көркем рең.
Аппақ карға оранып асқақ қала
Шыға келген сияқты ертегіден.
Осы жылы дән болсын қалың қар көп,
Осы жылы ашылсын дарындар көп.
Біз сенейік біреулер өткен жылғы
Уәдесін осы жыл орындар деп.
Шын тілесе, дауыл да толас табар,
Шын тілейік жас отау жарасқан әр
Жыл қызығын сезінсін, сәбилер мен
Көшелерде көбейсін коляскалар.
Бояулардың ашылып бұлыңғыры,
Шуақ төксін аспанның шырын нұры.
Адамға адам бұл жылы өкпелеспей,
Жақсы көрсін, сағынсын бірін-бірі.
Ой, қиялға осылай берілемін,
Әсем екен қарасам, төңірегім.
Аппақ қардың ішінде ақ үмітпен
Жаңа бақыт күтеді менің елім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұр

  • 0
  • 0

Құтты күн!
Тағы да бір құрметті күн.
Мұншалық күн шапағын нұрлы етті кім?
Лә иләһа иллаллаһ!

Толық

Көкейкесті

  • 0
  • 0

— "Дүрбелең дулы қаланың
Дүкені қайда, қалқам-ай?
Өтердей мына ағаңның
Өзекті шері тарқамай.

Толық

Зерде

  • 0
  • 1

Сағындырады табалдырығы таудай үй әлі,
Гүл жарған кезі қыр мінез қыздың қиялы.
Кісі танитын ғұламалардың сондағы,
Сөздері қандай, өздері қандай зиялы.

Толық

Қарап көріңіз