Өлең, жыр, ақындар

Жаңа өлке

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4566
Кешегі бір шерлі қазақ даласы,
Алтын өлке. міне, бүгін қарашы.
Құшағында, салтанатты, мархабатты сан үлты
Жарқыраған жаңа өмірдің қаласы.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке
Арманына жетті халқым көздеген,
Сарыарқам да, cap далам да өзгерген.
Жасыл қалам алтын әннің, алтын дәннің ордасы,
Қымбаттысың ел-жұртыңа өзгеден.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке.
Сүйем сені, сұлу Ертіс, көл, аспан,
Жеріңе сай атың қалай жарасқан.
Гүлдене бер, өрлене бер, жас қала,
Жаңа өмірге жаңа туып жол ашқан.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әділбек

  • 0
  • 0

Шабыттың соқпай жүйрік ерке желі,
Қағазға түспей сұлу, көркем зері,
Маржандай жатушы еді тереңдегі,
Бұл бір жыр ой түбінде көптен бері.

Толық

Намыс

  • 0
  • 0

Өлім не? Тыныштық ол тас қамалды,
Кәріден бұрын кейде жасты алады...
Тек қана қаһарманға қара жердің
Ұлы өмір мәңгі өлмес басталады.

Толық

Айша

  • 0
  • 0

Жас арудай аймалаған жүзін нұр,
Құлпырып тұр қырмызы гүл,
Қызыл гүл...
Әнің неткен әуезді еді,

Толық

Қарап көріңіз