Өлең, жыр, ақындар

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?

  • 17.03.2015
  • 1
  • 7
  • 45629
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
"Бір тойған — шала байлық" деген қазақ,
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,
Ол немене жоқтықтың әсері емей?
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан,
Тәтті, дәмді іздер ең онан да әрман.
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,
Құлдық ұрып асайсың асы бардан.
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа,
Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа.
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де — жел.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к...н жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,
Сенімді дәулет емес сен қуанар.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар.
Мінер атын, киімін ып-ықшам қыл,
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып,
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан
Антұрғанға қосылмай кетсін қаңғып.
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста.
Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген
Антұрғанға қосылма қапылыста.



Пікірлер (7)

ерлан

Абай атамыздай адам қайта туылмаитын шығар бəрін дүрыс айтқан.

айгерим сердалиева

абай деген сөз ұлы сөз ғой

Акниет

Абай-улы Адам кайталанбас тулга.олендеры гажап

Каракат

Абай улы адам. Абай ата кайырымды жан болгар.Карасоздери мен олендери керемет.

Гүлнəр

Абай атам өлеңдерін балалық шақтан бастап оқып, жаттап келеміз. Алайда жасың ұлғайған сайын Абай өлеңдері де өсіп отыратын сияқты. Астарына үңілуге шамаң жеткен сайын, өлең мазмұны тереңдей береді...

Айару

Абай атамыздың өлеңдері керемет!

Назарбай

Абай Құнанбайұлының Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? деген өлеңі мағыналы

Пікір қалдырыңыз

Көжекбайға

  • 1
  • 7

Жамантайдың баласы Көжек деген,
Әркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды,
Шіркінде ес болсайшы сезед деген.

Толық

Тайға міндік

  • 1
  • 14

Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,

Толық

Қайғы шығар ілімнен

  • 0
  • 1

Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен.

Толық

Қарап көріңіз