Өлең, жыр, ақындар

Бибігүлге

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 13120
Қарлығаш көмей құрбым-ау,
Бір бұрау емес, мың бұрау.
Қай күні, қандай Анадан
Бағына елдің тудың-ау?!

Ізеттім әрі келбеттім,
Қасыңда жүріп көрмеппін.
Бір кезде шарлап жер-көкті,
Шарықтап ұшып сен кеттің.

Өмірің сенің жаз бүгін,
Ойлама өмір аздығын.
Есітер құлақ болса егер,
Есінде жүрер назды үнің.

Естілер сенің осы үнің,
Ашқанда ұрпақ есігін.
Уілдеп жатқан сәбидің
Тербетер әлі бесігін!

Айналса болар тіліңнен,
Тіліңнен, әрі үніңнен.
Айырма, тәңір, осы үннен,
Айырма Бибігүлімнен!



Пікірлер (5)

Қожан Сымбат 4 сынып оқушысы

Алла мені дүниеге келгенде өз несібемді берді.Мен Мұқағали Мақатаевтің шығармаларына жақын өскен балалардың бірімін.

еркинбекова акбота 4 в сынып окушысы

мен де мукагали макатаев атамыздын шыгармаларын окып оскем

Толепберген Асель 5 г гимназия сыныбынын окушысы

Мен де Мукагали атамыздын шыгармаларына оте катты жакынмын .

Мұқағали Мақатев

Е балам кім болсаң да осы өлеңді гугулға салғанға рахмет

Балжан

Бұл өлең қате себебі Қарлығаш көрмей құрбым-ау деген соң Бір сұрау емес мың бұрау болуы керек хм

Пікір қалдырыңыз

Бақыт деген

  • 1
  • 17

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің

Толық

Ғабаңа

  • 1
  • 3

Ғабеке,
Анда-санда сізді көрем,
Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем,
Еліктеп өзіңізге есім кетіп,

Толық

Болашақ ақындарына

  • 1
  • 0

Жыршы, күйші, шешендер!
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?

Толық

Қарап көріңіз