Өлең, жыр, ақындар

Қаратал әсерлерінен

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1239
(Қырғыз жазушысы Айым Айтпаеваға)

Ел екенбіз ежелден-ақ туысқан,
Кезі бар ма арамыздың суысқан.
Салты менен қалпы бірге ағайын,
Нарын мен ет —
Асататын уыстан.
"Алатаудай" мәртебеңіз тұр биік,
Жанарыңыз —
Ыстық көлдей тұңғиық.
Бірге өткізген аз-ақ күнде көңілге,
Кеттіңіз ғой сарқылмайтын сыр құйып.
Үн қосады
Қомыз бенен домбыра,
Атамыздан қалған ол бір мол мұра.
Айым апа, қомызыңды шерт қане,
Тыңдаушысын есінен бір тандыра.
Бәрі сәуле шаша бермес жұлдыздың,
Мен де өзіндей
Еліне ерке, бір қызбын.
Қараталды дүрілдетіп кетсін бір,
Қос ақыны қазақ пенен қырғыздың.
Алдымызда барар әлі жол ұзын,
Кешерміз де шалқар қиял теңізін.
Тіл жетпесті жатқан жоқ па жеткізіп,
Қолындағы қара шанақ —
Қомызың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарауытты

  • 0
  • 0

Көбіне тудырса да жатқа күдік,
Әлдеқайда алысқа аттап үміт.
Жүретін сол құлыны соқа сүйреп,
Қарғадай боп қалқиып атқа мініп.

Толық

Арман

  • 0
  • 0

Табиғат жайған кілемін,
Жағасына Іленің.
Қала бар сонда Құлжа атты,
Тербейтін адам жүрегін.

Толық

Көгілдір өлке, көк Дунай

  • 0
  • 0

Тарт, Шамша,
Өрге қарай аттың басын,
Көк Дунай бізді бүгін жатсынбасын.
Қайтайық желқайықпен желе жортып,

Толық

Қарап көріңіз