Өлең, жыр, ақындар

Қазықұрт

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2632
"Басында кеме қалған" Қазықұрт па,
Көрмей-ақ жетіп жатар назы жұртқа.
Қабыл ал сәлемімді ала келген,
Жүректің сен деп шерткен сазын ұқ та.
Мына отырған Қазықұрт халқы ма еді,
Қашаннан құштар еткен салты мені.
Атына сәулеті сай жарасады,
Уа, жұртым,
Жүзің неткен жарқын еді.
Бұлдырап қалып жатыр жарысқан күн,
Еңбек, Мерей,
Өзіңмен табысқан мың.
Замана өр тұлғаңды сомдап соққан,
Сен бір қайнар бұлағы —
Табыстардың.
Қазықұрт,
Қандай көркем, құнарлы едің,
Көркемдігің болмаса ұнар ма едің.
Осынау халқым сүйген ұлы тауда,
Шайқалмайтын — Шынар боп тұрар ма едім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау – достық күмбезі

  • 0
  • 0

Тау жайлы ақын қалай толғансын жай,
Ойларым тасқындайды жолға сыймай.
Алыстан Алатауым жалт қаратар
Мызғымас достығымның ордасындай!

Толық

Ешкіөлместен ескерткіш

  • 0
  • 0

Нұрға бөлеп кең алқапты, дәндерді,
Алтын сәуле алып қырға өң берді.
Жақсы ағалар,
Жаны жайсаң құрбылар,

Толық

Мұңданба

  • 0
  • 0

Айтшы ақыным,не ұтасың,
Сағың сонша сынғанда.
Жұртың сыйлар барда атың,
Жабырқама,

Толық

Қарап көріңіз