Өлең, жыр, ақындар

Күрең шай

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6056
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.
Шілдеде де шөліңді қандыратын,
Бәрінен де сол шәйің әйбат маған.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Біз бе екенбіз мал ұстап,
Қой бақпаған.
Қойдың сүті қосылған қою шай ғой,
Қасіретті де бір сәтке ойлатпаған.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Бетінде дөңгеленген сайғақ далам.
Сияқты бір түсі де
Әдемі екен —
Қызыл нұр, қыз жүзінде
Ойнап қалған.
Келгенде —
Шаршап-талып, малын бағып,
Кең жазира ыстықтан
Сағымданып.
Құрт шетінен бір тістеп ішкен
Шәй ғой,
Қала-тұғын бір сәтке жаныңды алып.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.
Шілдеде де шөліңді қандыратын,
Бәрінен де —
Сол шәйың әйбат маған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тырналар

  • 0
  • 0

Оралды тағы тырналар,
(Оралмақ солай жылда олар).
Ұқсайды кейде қайыққа
Бетімен көлдің сырғанар.

Толық

Ұйқыдан теңіз оянып

  • 0
  • 0

Жаздың жайлы бір кеші еді,
Жағаны ымырт жайлаған.
Сусылдап толқын еседі,
Жұпар иіс бүркіп айналам.

Толық

О, жігіттер

  • 0
  • 0

Ал, құрбым, көлік дайын жүр кетелік,
Жолдардан бізді күткен бірге өтелік.
Алатауым — ақ отау мың сан қонған,
Көгілдір сағым биік түр көтеріп.

Толық

Қарап көріңіз