Өлең, жыр, ақындар

Баянжүрек

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1909
Қасиетті туған жер —
Баянжүрек,
Сусыған сәуле шашы,
Самал жібек.
Алаң ғып келмей жүрсем алыстарда,
Өзім де сағыныштан қалам жүдеп.
Сен-дағы күтесің-ау елегізіп,
(Бастан асып жүр екен деме қызық).
Кешіккенім кей кезде
Келе де алмай,
Қызың жүрер,
Жүректен өлең үзіп.
Кейде жүрек шаттанып, шабыттанып,
Кейде ойлардан тұралап
Арып-талып.
Серігу үшін ұшамын саған қарай,
Қанатты қарлығаштай
Қағып қалып.
Бауырыңа басасың құшырланып,
(Кейде шарлап жүремін түсімде анық).
Қуатты ғой ұрпағын,
О, туған жер,
Құмар тарқар өзіңді
Құшып жанып.
Сен дәйім жетелейсің —
Қияндарға,
Ақын жаны әуес қой қиялдауға.
Ақтаршы, бар сырыңды алдыма әкеп,
Мен бұрын естімеген
Бір ән бар ма.
Білесің, бар мінезді,
Балаң жайлы,
Көрмей жүрсе бұл көңіл алаңдайды.
Бал-шарбатын татқанмен
Басқа жердің, Зәуремнің тұнығындай
Бола алмайды.
Баянжүрек,
Жомартсың, жерің жайсаң,
Жасырмаймын,
Жалғансыз барымды айтам.
Арман еді-ау бұл-дағы қашаннан да,
Жайғасайын жаныңнан орын қойсаң.
Қасиетті туған жер —
Баянжүрек,
Сусыған сәуле шашы,
Самал жібек.
Алаң ғып келмей жүрсем алыстарда,
Өзім де сағыныштан қалам жүдеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаптың тауы қасында немесе аспан тауы аясында

  • 0
  • 0

Ақ шатыры аспандап,
Аспан тіреп,
Аспанның аясында жатқан шіреп
Қап тауының қасында қарап тұрмын,

Толық

Шалғай ауыл

  • 0
  • 0

Күн кештім қандай қымбат,
Қандай ауыр,
Куәсің сен бәріне,
Шалғай ауыл!

Толық

Талай сапар жалғасар

  • 0
  • 0

Жалғанда жақсылықтан үмітті көп,
Жаныңды түлетпей ме тұнық тілек.
Жазықсыз кіналаудан мен аулақпын,
Айтуға көңіл қимас ұмытты деп.

Толық

Қарап көріңіз