Өлең, жыр, ақындар

Бесік басында

  • 17.04.2015
  • 1
  • 6
  • 56641
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!



Пікірлер (6)

Алинұр

Жақсы

Дарина

Өте керемет☺

Myrza

Өте керемет!

өте керемет

қатты ұнады

Пустой квадрат

Мен жарыста осы өлеңді айтып бас жүлде алғанмын.Күшті өлең

Пікір қалдырыңыз

Бақыт деген не өзі?

  • 1
  • 3

«Бақыт деген не өзі?», –
деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп,
бірі қырдан әрі асты.

Толық

Алтын адам

  • 1
  • 10

Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.

Толық

Ол менде жоқ

  • 0
  • 1

Жеңілдетер еңбекті машина ойлап таппадым,
Кітапхана, аурухана сал деп
сыйлық тартпадым.
Америка даңқында ерлігім жоқ еске алар,

Толық

Қарап көріңіз