Өлең, жыр, ақындар

Перьм перизаты

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1128
Жері көркем,
Жаны өртең Перьмнің,
Жанарға ыстық,
Әрі маңғаз көріндің.
Көк шыршалар,
Көкке бойлай өрілдің,
Кең далама ұқсап кетті өзімнің.
Ақ мәрмәрдан мүсіндері жонылған,
Ақбөкендер жосылады жолымнан.
Перьмяктың1 перизаты, мен сенің,
Тағамыңды таттым ару қолыңнан.
Бесігінде өктем соққан боранның,
Орманыңның ойлы сырын орандым.
Басып тұрып Пермяктар пернесін,
Қақтырдым мен күй қанатын Уралдың...
Жатсынбадың, жылылықпен баурадың,
Жүрегіңді жыр отымен жауладым.
Жазық болып көсіліп ең алдыма,
Жалтылдаған ақ Сильваңнан аумадым.
Жері көркем,
Жаны өртең Перьмнің,
Өзіңе тән сұлулықпен көріндің.
Думан кешін бірге өткізіп өмірдің,
Кездестік біз биігінде көңілдің!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Періште көңіл

  • 0
  • 0

Сыбырлап құлағыма сұлу үнің,
Тұрғандай айтып маған сыры,
Мұңын...
Сезімін сақтай білген сұңғақ бейнең

Толық

Тобық

  • 0
  • 0

Жанымды жастай егілтіп,
Жеңгелер мұңын көп ұққам.
Махаббат жырын төгілтіп,
Сыр шерткен құйттай тобықтан.

Толық

Қарап көріңіз