Өлең, жыр, ақындар

Келемін алуан ойлар ырқыменен

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1269
Абайдың көшесімен бойлап төмен,
Еске алып, талай істі ойлап келем.
Ақынның дана жыры санамызға —
Қалған ғой, қашаннан да орнап терең.
Келемін алуан ойлар ырқыменен,
Бірі тежеп, біреуі жүршілеген.
Келемін, өткен күнге көз тоқтатып,
Жапырақ жамылыпты сыршыл емен.
Жұлдыздар көз көрімде шоқтанады,
Қиылып, ай ару да көп қарады.
Ол-дағы ой тербеген ақын ба екен,
Жарқырап шеткері үйде от жанады...
* * *
Өткен күндер қасіреті жойылмай,
Мінезің де ауыр тартты шойындай.
Шығып едің құлагердей өміріңе —
Жүр ме көңілің тойынбай?..
Жан толқытқан сан ойларды мойындай,
Мұңданады, қара көзің мойылдай.
Өмір — дойбы, сен қапыда ұтылдың,
Бір тасы кеп өз орнына қойылмай.
Тыңдағанға әнмен айтар сырың көп,
Аңғарғанға қалар, үлкен түйін боп.
Мойымасты мойытатын күшпенен —
Әттең, тағдыр, құбылмалы, қырың көп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ боран

  • 0
  • 0

Мұнау жаным ұнатады ақ боранын даланың,
Дала ғажап үн қатады уіліндей баланың.
Ысқырады жылқышыдай ат ойнатқан жондар да,
Төгіп-төгіп құбылтады күй қанатын дала мың.

Толық

Арай құшып

  • 0
  • 0

Бір өсем күй естіртті далан маған,
Жаман екен сыртқа ойың алаңдаған.
Араға ұсап отырмын гүлге қонған,
Қанша жұтып шырынын ала алмаған.

Толық

Жан еді ғой аяулы

  • 0
  • 0

Мынау бұлттар неге ғана төнеді,
О, табиғат, күрсінесің сен неге.
Аспан да әне, жасын іркіп төгеді,
Өксу бар ғой деміккен бұл желде де.

Толық

Қарап көріңіз