Өлең, жыр, ақындар

Батар күн

  • 17.04.2015
  • 1
  • 8
  • 30030
Батар күн,
Келер түн,
Атар таң,
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен,осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Жақындық сеземін -
Жерден де аспаннан,
Жылылық сезінем -
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы,мен,өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.



Пікірлер (8)

Аружан

Өте әдемі атты оған өлең

Жанайым Бақтиярқызы

Мұқағали атамыздың өлеңдері өте тамаша , керемет......

Аяулым

Өте керемет маған қатты ұнады.

Joni

Күштіі өлең. Маған ұнады.

МЕДИНА

Маған қатты қатты ұнады

Т Раяна

Жақсы өлең

ТӨрежан

Мұқағали атамыз қаты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Ильич

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса, паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Мұзбалақ

  • 0
  • 1

Екі тәулік өткенді,
Ата бүркіт аш қалды.
Қия тартып бөктерді,
Қия тінтті тастарды,

Толық

Көктемде

  • 1
  • 2

Мына келген көктем бе?!
Сүйісуде кептерлер.
Көз ұшында, көк белде,
Түйісуде көк пен жер.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер