Өлең, жыр, ақындар

Түндер

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1802
1
Түндер, түндер,
Ұйықтаумен бос өтпеген,
Арманым көп ұмтылсам да жетпеген.
Ойсыздарды бұл өмірде жоқ дер ем,
Ойлар өртеп болар кейде от денем.
Түндер, түндер,
Ұйықтаумен бос өтпеген,
Жанарыма көк жиекті бөктерем.
Сырға толы, күйге толы, уа, өмір,
Әр күніңді тыңдауменен өткерем.
Түндер, түндер,
Ұйықтаумен бос өтпеген,
Достарым да, дұшпаным да көптеген,
Қуаныш та,
Қайғыны да, бәрін де,
Мынау титтей жүрекпенен өткерем.
Түндер, түндер,
Ұйықтаумен бос өтпеген,
Арман асу, жолаушымын жетпеген.
Кейде балқып сенің сырлы күйіңе,
Кейде мынау алақанмен шоқ терем.
Күйдірсе де үн шығармай шыдаймын,
Өмір деген шалқып жатқан бір айдын.
Сол айдыннан аумай қалған көңілім,
Мен өзгеге сол көңілмен ұнаймын!
2
Түндер, түндер,
Керек емес ұйқың маған,
Мен бір жанмын өзіңнен күй тыңдаған.
Тып-тыныш көңіліме шоқ тастайтын,
Кейде сенің сиқырлы күлкің жаман.
Түндер, түндер,
Керек емес қызықтарың,
Тереңдесін маңдайда сызық қалың...
Ойлар бейне теңіздің ақ шабағы,
Ұстай алмай жүретін сүзіп бәрін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алақандар

  • 0
  • 0

Айырмассың алысты да, жуықты,
Алақандар қандай ыстық уытты.
Көтеріп тұр көңілімен қарттарын,
Шаңырақ пен уықты.

Толық

Марқакөл

  • 0
  • 0

Көрген де, көрмеген бар Марқакөлді,
Атын естіп құштарым арта келді.
Алтайдың алтын арай ару көлі,
Алыстан арбап мені тарта берді.

Толық

Күй

  • 0
  • 0

Сөз етіп жүрген мен жоқ ішкен шайды,
Шерт, күмбірлет, төгілдір "Кішкентайды"
Алакөлден қиқулап аққу ұшып,
"Кішкентайдан" тарқасын іштен қайғы

Толық

Қарап көріңіз