Өлең, жыр, ақындар

Көз талдырып келемін

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1681
Кеттім-ау, ести алмай әніңді ақыр,
Арадан толқын жылдар ағып жатыр.
Жылысып жылдар озып, сен кеткенмен,
Сендік сезім дауылдап жанып жатыр.
Өмірдің зулап ағып қилы аптабы,
Өзекті өртейді екен қинап тағы,
Келеді нәзік әнді аңсауменен,
Жүректің тынбай қағып күй қақпағы.
Жүрміз ғой күйініп те, сүйініп те,
Бұл адам не кешпейді тірлікте.
Келемін отыңа ұдай өртенумен,
Келемін көз талдырып бір үмітке.
Арманың таусылмайтын бұл бір ағын,
Күй сазына көңілді мың бұрадым.
Кетпесе домбырадан төгіліп күй,
Талай-талай жан жүдеп тұнжырадым.
Күй құдірет кеудеге құйылатын,
Жалын емес, жанарға жиылатын.
Ұмытып бұл өмірде басқа барын,
Тәңірім сол ма дерсің сиынатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос басында

  • 0
  • 0

Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,

Толық

Дәрігер

  • 0
  • 1

Қас-қабағын бағып ұдай науқастың,
Ағаруы тегін бе еді тал шаштың.
Қарсы тұрып ажал дейтін дүлейге,
Денсаулықтың майданында шайқастың.

Толық

Асау арна

  • 0
  • 0

Сезімнің өзі де бір асау арна,
Жатпайды ол тығылып тасаларда.
Келер ол көктем болып,
Күй бөктеріп,

Толық

Қарап көріңіз