Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз ағаш

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5427
Қара жолдың үстінде,
Кеудесін тасқа ұрғылап.
Ескерусіз ешкімге,
Жататын ағып бір бұлақ.
Жағада жасыл құрақтар,
Қарайтын еді қиылып.
Жағада жалғыз бір ақ тал,
Өсе берді иіліп.
Есепсіз кетті қанша күн,
Өсе берді тал ерен.
Көз тоқтатпай кетті кім,
Мен де қарап қалар ем.
Жапырағын жел ойнатып,
Сәуле құшып нұрланды.
Тамырын терең бойлатып,
Көз тартып ұдай тұрған-ды.
Жалғыз ағаш тұрған-ды,
Жапырағы жылтылдап.
Сұрланды аспан, сұрланды,
Соғыс оты жарқылдап.
Көрдім қалпын теңселген,
Бұтақтары майысып.
Дауыл күші еңсерген,
Ағаш тұрды қайысып.
Майысса да ол бірақ,
Қурамады, сынбады.
Жапырақ — шашы жалбырап,
Көкке бойлап тұрғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз болып қалған ба?

  • 0
  • 0

Емхана....
Жатырмын күн санап,
Жүдетті тұман ой тұмшалап.
Қамайды қайдағы үрейлер,

Толық

Қара бұрым толқындап тілерсекте

  • 0
  • 0

Арманы бір қашанда,
Тілегі бір,
Үміт артқан халқымның түлегі бұл.
Осынау қарақат көз сіңлілерім,

Толық

Еркелік

  • 0
  • 0

Жапа шеккен жалғыздыққа осынау,
Сен де араша бола алмадың досым–ау.
Жеңе білген қиындықтың қандайын,
Адамдардың жаны тіптен асыл–ау.

Толық

Қарап көріңіз