Өлең, жыр, ақындар

Ульба жағасындағы кеш

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1288
Сол түнгі аспан тұнық тым,
Ән қалқыған жырақта.
Сол бір ғажап тымық тұн,
Қайталанбас бірақ та.
Ульба үсті шымырлап,
Ақшабаққа көмілген,
Сол түні үнсіз сыбырлап,
Жұлдыз да ұзақ көз ілген.
Бар маңайды түн жайлап,
Маужыраған бір қалып.
Жағалауда тұрды ойлап,
Ақ қайындар ырғалып.
Ұйқылы-ояу тұр дала,
Тыныстап бар тіршілік.
Тек — танымсыз бір ғана,
Аунайды Ульба күрсініп.
Жалтылдап толқын құбылып,
Жатады құшып нұрлы айды.
Жалт қарайды бұрылып,
Жаныңды тербеп жырлайды.
Ағады Ульба ақыраған,
Құшып қайың етегін.
Бірін-бірі сапыраған,
Көремін толқын жетегін.
Қандай әсем кеш еді,
Сыңғырлаған сұлу үн.
Күндер жылжып көшеді,
Кеудеме құйып жылуын.
Толқын әнін ал тыңдап,
Сырлы, тұнық ол аса.
Жалғыз қайық қалтылдап,
Кетті жүзіп оңаша...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гиссар түні

  • 0
  • 0

Гиссар тұр түн жамылып,
Маңғазданып,
(Жиналмас күнде осынау маңға аз халық).
Күмбірлеп көне қорған күй төккендей,

Толық

Тастағы таңбалар

  • 0
  • 0

Басымырақ —
Аңыздан да шындығы,
Басымырақ —
Жақсылықтан сұмдығы.

Толық

Ауыл барсаң

  • 0
  • 0

Ауыл барсаң,
Тауларын аралай бар,
Қаптап өскен қарсы алар қарағайлар.
Күнше күліп бөбектер шықса алдыңнан,

Толық

Қарап көріңіз