Өлең, жыр, ақындар

Бір күніммен қоштастым

  • 17.04.2015
  • 1
  • 4
  • 24285
Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
Тоқтатып кер толассыз қозғалысты,
Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.
Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
Алға аттады күнім де ардақтаған.
Мынау жарық әлеммен бірге айналып,
Заулап барам, бір күні аунап қалам.
Аунап қалам...
Білемін, білемін мен!
Ажыраймын жармасқан тірегімнен.
Қүлай білем,
Себебі, жүре білгем,
Құсым ұшса болғаны жүрегімнен.
Бір құсым бар кеудемде-зынданымда,
Бірге туған менімен, туғанымда.
Байғұсыма бостандық берсем болды,
Аунап кетпей әзірге тұрғанымда.



Пікірлер (4)

Мырзатаев Жәнібек

Жаныма жақын жырлары, ақиық ақын Мұқаңның, оттарым сөнген кезінде өзінен от ап тұтандым.

Анара

Керемет өлеңдер!!!

Альмира

Өте əсерлі өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Аулыңа бір келгенде...

  • 1
  • 2

Ойьң, қырың, Отаның түрленгенде,
Жан-жағына жақұттай гүл көмгенде,
Жар салмайсың, неге сен қарсы алмайсың?!
Анда-санда аулыңа бір келгенде.

Толық

Ескі әнді, шеше, қозғама!

  • 1
  • 4

Босқанда - ел-жұрт боздаған!
Ескі әнді, шеше, қозғама!
Елестеп маған өтеді:
Кұлазып жатқан боз дала,

Толық

Кел, болашақ

  • 2
  • 8

Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім,
Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім.
Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ,
Көрмеген күндерімді өткер менің.

Толық

Қарап көріңіз