Өлең, жыр, ақындар

Өнерпаз

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6454
Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан алар тағылым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта сайран етер болып ғайып.
Тұрғанда бойда қуат, жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып!
Басынды тауға да соқ, тасқа да сок,
Отырып қалмай үйде қыңырайып.
Жүргеннен тіпті қарап пайдалырақ,
Бір әріп (харып) сөз үйренсең, кітап жайып.
Тамшыдан тама берсе, дария болар,
Кетпей ме ақырында бір молайып?!
Қылжақтап екі ауылдың арасында,
Не пайда жүргендеріңнен құр сорайып?!
Бас болып, өнер білсең, тіпті жақсы,
Тамаша болдың жігіт таңғажайып.
...Білгеннің жүрген жері бәрі жарық,
Жоламас кем-кетіктікі оған айып.
Бұларды айту бізден, ұстау - сізден,
Ыңғайлы, үлгі аларлық тұрсаң лайық.
Көзіңе көрінгеннен ғибрат алсаң,
Ғаламға болдың өзің Еділ-Жайық.
Дариядан көз жеткісіз өткізетін:
Боласың өзің кеме, өзің қайық.
Қызға айтып келейіндерге байқатамыз,
Түс ашып, сол солай деп не қылайық?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қолыма қағаз, қалам алайын да

  • 0
  • 0

Қолыма қағаз, қалам алайын да,
Лапылдап тал отындай жанайын да.
Естіген, көргенімді әңгіме ғып,
Дүниенің базарына салайын да.

Толық

Жаңылтпаштар

  • 0
  • 1

Қырда қылау.
Қызыл ала бұзау.
Жатыр жалмаң құлағы,
Қиқу қыздардың қызыл ала тырнағы.

Толық

Сәйгелді, сона, бөгелек

  • 0
  • 0

Сәйгелді, сона менен бөгелекті,
Үшеуі халфе сайлап көбелекті.
Мекен-жай, қоныс қарап тұрақ үшін
Кезіпті дамыл көрмей төңіректі!

Толық

Қарап көріңіз