Өлең, жыр, ақындар

Шәрбанға

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1593
Жас едің сен!
Өстің күнге таласып,
Гүл боп тұрдың,
Шоқтарыңды жаңа ашып,
Күлсең - дағы, қабағыңды жапсаң да,
Тұрушы еді саған бәрі жарасып.
Нәзік, таза мінездерің, ойларын.
Қарап, тыңдап 'қанбадым да, тоймадым...
Жалғыз ғана жалыныңа баттым да,
Тіл қатпадым...
Сонда нені ойладым.
Илан, сәулем!
Сол бір бала шағымда.
Шалдырсам да жүрегімді жалынға.
Байқамаппын айырларын жолдардың.
Өмір-бақи боламын деп жаныңда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанжар

  • 0
  • 0

Өткір жүзі тұңғиық сырға батқан,
Батыр қолда қан кешіп кекке шапқан,
Арсыз ажал тәңірісі ақ қанжарды
Тұрды солдат көтеріп жерде жатқан.

Толық

Түн қатады партизан

  • 0
  • 0

Қаңтар күйі қарт боран
Жынданады айғай сап,
Аш арыстан сымбатты
Азу тісі сақылдап.

Толық

Біздің майдан

  • 0
  • 0

Социалистік өмірді,
Жырлағанда жыр қылып,
Сырлағанда сыр қылып,
Бүлкілдесін көмекей.

Толық

Қарап көріңіз