Өлең, жыр, ақындар

Ашығудың бесінші күнінде

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1350
(Назым Хикметтен)
Туысқандар!
Айтар сөзді мен бүгін
Тапсам әрең.
Ақтарар көңілдегі
Бар сырымды,
Қалдырмай баяндайтын
Бар шынымды,
Ұғарсыңдар себебін
Оның неден?
Бесінші.күн тым ауыр
Аштық деген,
Менің басым ауырады.
Азия, Америка, Европада
Тілектес бостандыққа
Туған — бауыр.
Қараңғы түн ішінде
Бәрінің де —
Бас иген келбеттерің
Алдымда тұр,
Бәрінің көздеріңде
Жайнаған нұр,
Жарқырап дүниеге
Атар таңдай.
Сендердің қолдарыңды
Қыссам қазір,
Бақытты болар едім
Мен де қандай.
Қолыңдай туған анамның
Қолыңдай сүйген жарымның,
Өзіндей нағыз өмірдің
Қысар ем ұзақ босатпай.
Туысқандар!
Сендер бірге болдыңдар
Осынау қиын жылдарда
Менімен
Менің атыммен,
Менімен
Менің халқыммен.
Менімен
Туған еліммен.
Менімен
Сүйген жеріммен,
(Кім айырар сендерден.)
Сүйемін мен бәріңді,
Сүйемін туған жеріңді,
Сүйемін өскен еліңді,
Сүйемін сенін, халқыңды.
Мен разы сіздерге
Туысқандарым, достарым!
Арасында жасаймын адамдардың
Менің міне осында
Барлық күшім,
Менің міне осы ғой
Мақтанышым.
Уа, достарым,
Бақытым осы менің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Е.М.Масловаға

  • 0
  • 0

Сені ойласам тербеледі жүрегім,
Сені ойласам келер көзден ыстық жас,
Сені өмірімнің тәңірісі деп білемін,
Саған мәңгі борыштымын, қарындас.

Толық

Достық жыры

  • 0
  • 1

Қанмен сіңген жүрекке жандай достық
Атын көкке көтере әнге қостық.
Дауыл тұрып, денені оқ жыртқанда,
Басым құрбан жолында болсын дестік,

Толық

Серго

  • 0
  • 0

Өмірлік жан жолдасы данышпанның
Айбатты бір тұлғасы алтын таңның.
Серго, сен бірге туған бауырымсың
Сақталған жүрегінде бар адамның.

Толық

Қарап көріңіз