Өлең, жыр, ақындар

Бақыт заңы

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1344
Ұлы ойшыл партиямның қолымен
Жазылған заң— халқымыздың бағына,
Төкті күндей ленинизм жолымен
Нұр шұғыласын гүлді болашағыма.
Бұл заң қайнар бұлағынан нәр алған
Парасатты біздің жаңа заманның.
Адам үшін, бақыт үшін жаралған
Жүрегінен ұлы ойшыл данамның.
Әр сөзінде махаббатқа бөлеген,
Адам, сені, сенің келешегіңді.
Шын әкелік қамқорлыққа кенеген
Правоңды, төккен маңдай терінді.
Оқы, дем ал! Даңғыл жол бар, бәрі сай,
ССРО-ның азаматы сен үшін.
Алтынменен заңға жазған осылай,
Деп барлығы ұрпақ үшін, ел үшін.
Бар әлемде адам ұлы күлімдеп,
Бұрды бетін коммунизм таңына.
Бақытым деп, нұрын шашар күнім деп,
Қолын созды бақытты бұл заңыма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз еркесі өмірдің

  • 0
  • 0

Сәлем сізге, сәлем сізге,
Ұлы съезд астанам.
Мен балаңмын еркін өскен
Шаттық әнін шырқаған.

Толық

Өзгеден ерек шын адам

  • 0
  • 0

Ақиқат ерге ар қымбат
Андыздап өрген малдан да,
Ақ елім болар мінәжат
Аһ ұрып шығар жаннан да.

Толық

Еске алу

  • 0
  • 0

Біздер жаттық шеру тартып
Украинаның даласында,
Кременнойдың ағашында,
Ұлы Донец жағасында.

Толық

Қарап көріңіз