Өлең, жыр, ақындар

Москва

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1163
Ақыл, ойым, жүрегім, тіл мен жағым!
Естір құлақ, көрер көз шамшырағым!
Саған, саған ұлы Отан астанасы,
Жүрегімнің түбінен жыр арнадым.
Мен де бүгін сенімен туған жанмын,
Кремльдің ішінде тұрған жанмын.
Қызыл алаң түбінде сан-сап болып,
Сарайында салтанат құрған жанмын.
Маған артық еш жер жоқ Москвадан,
Орыс, қазақ бір туыс —
Біз — Бір адам.
Сондықтан, қауіп төнген күндеріңде,
Бір сен үшін өлімге бас байлағам!
Міне отыз жыл күн болып енді жарық,
СССР - ға нұр текті Москва алып.
Қадірлес достарымен қауышпаққа
Кемпір-шалдар қайтады жылда барып.
Аспандай кең құшағын орыс жазып,
Махаббатын ұсынар жаныма азық.
Менің сонда иығыма ай орнайды,
Маңдайымда күлімдеп Темірқазық.
Қан тамырым секілді менің соққан —
Кремлім — советтік ер Москвам.
Сенің ыстық жүрегің анашымдай,
Анасының ақ жүзін қияр ма жан.
Күндей маған тамылжыр жүзің нұрлы,
Күнде көрсем тоймаймын сипатыңды,
Бере алмаспын бар әлем алтынына
Сенің асыл бір уыс топырағыңды.
Айтам қазақ атынан ұран салып!
Біздің Отан жүрегі Москва алып.
Соқсын дауыл, нажағай жарқылдасын,
Біз біргеміз — жандармыз москвалық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнде

  • 0
  • 0

Жауқазын жасау жер-ана,
Гүлденіп жұпар жағынып,
Үкілі жібек, бай мәнер,
Алқасын алға тағынып.

Толық

Алло-алло

  • 0
  • 0

— Алло - алло!
Құлағыма,
Күй келеді, үн келеді.
— Алло - алло!!

Толық

Биік шың

  • 0
  • 0

Көкке бойлап тәкаппар
Жағада тұрды биік шың,
Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.

Толық

Қарап көріңіз