Өлең, жыр, ақындар

Бір ақынға

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1986
Екінші түрі

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап,
Бітеу жара секілді тырыс - тырыс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап.
Өз бөркін қолыңа өзің алып —
Көтересің қоям деп бұлтқа апарып,
Бос бөшкедей жел үрген даурығасың,
Жын қақ қандай жүресің жалаң қағып.
Кейде тұман, сағымдай, кейде мұнар,
Секілді булы булау шақтарың бар.
Сайқалдықпен безейсің тіл - жағыңды,
Бір жансың атақ құмар нәпсі құмар...
Не бердің?! Қандай пайда көрді халық?!
Сезілмейді. Жатырсың өзің алып...
Тау дегенің жылтырақ құм төбесі,
Байқа, шырақ, Шөлейтте жүрме қалып.
* * *
Елді сүйсең, беріле жүрекпен сүй,
Бірге қуан, онымен бірге отқа күй!
Тағдырыңның қожасы жалғыз халық,
Әрқашан да ойыңа сен мықтап түй!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқын

  • 0
  • 0

Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.

Толық

Май күйі

  • 0
  • 0

Кең далаға қараңдаршы, балалар!
Ағаш көктеп, Май да бізге келіпті,
Алатаудан басқа жерде қалмай қар,
Жаз өмірден мықтап орын теуіп.

Толық

Комсомолға

  • 0
  • 0

Лениншіл комсомол!
Қатарында болдым мен де жалынды,
Бесжылдықтар белестерін бірге астым,
Құрдым завод, бөгестім зор ағынды,

Толық

Қарап көріңіз