Өлең, жыр, ақындар

Днепрге қарады

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1401
Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.
Бұрқанды асау Днепр,
Толқынды беті шымырлап,
Секілді терең бейне өмір
Солдатқа бір сөз сыбырлап..,
Үзіліп солдат үн қатты
Сөзімнің тоқсан тілімен.
Минуттер өтті тым тәтті
Бара - бар ғашық сырымен...
Құшағын жаза, емірене,
Тақады суға маңдайын.
Балқыды мүлде ер дене,
Жібітті қатқан таңдайын.
Көтерді басын... көп тұрды
Дарияға түпсіз үңіліп.
Қызғаныш тартты бір түрлі,
Көңілі мыңға құбылып.
Тынымсыз соққан өмірдей,
Днепр суы зыр қақты.
Толқынмен көзге көрінбей,
Солдат ойы бірге ақты...
Ашулы беті жыбырлап,
«Ием» деді су - дағы.
Өзіне өзі сыбырлап,
«Сүйем» деді бұл - дағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Партия туралы сөз

  • 0
  • 0

Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне,
Қараңдаршы, келбетіне заманның!
Қараңдаршы, жер, суына елімнің,
Қараңдаршы, тарихына адамның!

Толық

Рапорт берді Қазақстан

  • 0
  • 0

Бұл жеңісте барлық совет елі бар,
Бұл цифрда көп мыңдардың тері бар.
Орыс-қазақ, украин, болгар да,
Түн ұйқысын бөлді күзгі таңдарда.

Толық

Бақташы мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.

Толық

Қарап көріңіз