Өлең, жыр, ақындар

Аттанайық майданға

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2110
Телегей-теңіз қан майдан,
Тебіренді қыз бен ұл,
Зеңбіректер аңырады,
Тітіренді ой мен қыр.
Мен де аттандым жорыққа,
Ыр жүрейік кел, достар.
Жау алғанда жағадан,
Жарақтанбай кім тұрар.
Арқыра тұлпар аттарым,
Ауыздығың қаршылдап,
Аттанайық майданға
Қызыл жабу жамшылап.
Тебінгімнен тер ақсын,
Теңселсе сонда теңбіл көк,
Қанжығамнан қан ақсын,
Қатарласа қусын оқ.
Қажыма сонда, жануар,
Қабағымды мен шытпа,
Қарайлама артыма,
Шүберекте шыбын жан.
Күркіреп жаңбыр орнына
Оқ жауса да аспаннан,
Кескілермін дұшпанды,
Қылыш түспес қолымнан.
Аттанайық, достарым,
Қару-жарақ тағынып,
Кімді намыс кернемес,
Жау тұрғанда қағынып,
Тұлпарлардың жібектей
Кекілдері таралсын,
Маңдайына меруерттен
Қызыл жұлдыз қадалсын.
1941 жыл, июнь.
Есіңе ал мені, есіңе ал
Дауылды күнде бұрқанған,
Жаны бір сұлу сүйген жар,
Табармын деме жиһаннан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақташы мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.

Толық

Серго

  • 0
  • 0

Өмірлік жан жолдасы данышпанның
Айбатты бір тұлғасы алтын таңның.
Серго, сен бірге туған бауырымсың
Сақталған жүрегінде бар адамның.

Толық

Ақ алмастай жарқылда

  • 0
  • 0

Тасыған тасқын тасқанда,
Асқар белден асқанда.
Асқар белден асқанда,
«Абылай аспас асудың»

Толық

Қарап көріңіз