Өлең, жыр, ақындар

Балалық

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2022
Базарда, базар бір базар
Қызықсың - ау, балалық!
Бедерін. гауһар, сап алтын
Жүзіксің - ау, балалық!
Аспанға күндей жарқылдап
Шығыпсың - ау, балалық!
Өмірде күміс шабықтай
Жүзіпсің - ау, балалық!
— Ей, балалық, балалық,
Тоғайдан келші тал алып.
Томпаңдап мен де ойнайын
Торала құнан саналып.
Қашағанды құр-құрлап
Ортамызға қамалық.
Қатарласа жарысып
Қиқу салып шабалық.
Күміс те емес, күн де емес,
Теңдесі жоқ балалық,
Сағынбайтын әлемде
Пендесі жоқ, балалық.
Балалық - ау, балалық,
Кел, бір ойнап таралық!
Мадақтайық бір сені
Шекеңе шоқ қадалық,
«Бірім – бірім - бірім» деп
Саусақты да саналық,
Көзді тас қып жұмалық,
«Кім түрткенін» табалық.
Кел, жарыса шабалық,
Біздің үйге баралық.
— Ей, балалық, балалық!
Есте болсын даналық,
Кім ұмытқан сабағын
Кәне кітап қаралық!
Білім шамын жағалық
Оқып өнер табалық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң мен адам

  • 0
  • 0

Таң бозарып атқан шақ,
Әдемі салқын жел тұрды.
Еркелеп желмен бірге ойнап,
Үкілі бидай құлпырды.

Толық

Кесте

  • 0
  • 0

Алда ақ бәтес, айшықтаған
Қаста жібек, қолда біз.
Өте сұлу тігіп кесте..
Отыр екен бір жас қыз.

Толық

Саған, ана!

  • 0
  • 0

Күн құшақты, көрікті,
Октябрім — сен анам.
Бесіктен ұшқан балапан,
Жұлдызың, жаның, — балаң.

Толық

Қарап көріңіз