Өлең, жыр, ақындар

Арулар

  • 17.04.2015
  • 1
  • 9
  • 73534
Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар -- асыл жандар!
Арулар - асыл жарлар!
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.



Пікірлер (9)

маған қатты ұнады

маған қатты ұнады

маған да ұнады

өте тамаша

Гульназ Рафалилова

Мен Мұқағали мақатаев атамыздын өлеңдерің 1 сыныптан бери оқимын! Мәнерім де өте жақсы! Жүлделі орындар алып жүрмін! Өлеңдерің бір оқысам жаттап аламын!
Әрі осы сайтқа да көп көп рахмет! Бар керек өлеңдерді осы сайттан аламын!

Ақмаржан

Керемет екеееееен! ОК!☆

Дариға

Бұл Мұқағалидың әні ма ? Әлде өлені ма ?

Айша

Арулар - асыл жандар!

Каусар

Оте кушти адеми Мукагали Макатаевтын олендери де андери де оте кушти

Асия

Мен арулар оленің ұнатып қалдым. ❤

Пікір қалдырыңыз

Қазақ жері

  • 4
  • 42

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Толық

Сен менің жүрегімді жазалама

  • 1
  • 3

Сен менің жүрегімді жазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,
Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме
Сезіммен кел, болмаса мазалама.

Толық

Болашақ ғасырлардың шежірешілері

  • 0
  • 1

Болашақ ғасырлардың шежірешілері,
Сұп-сұрғылт салқын жүзімді
көрсетейін сендерге,
Менің өткен ізімді жазғыларың келгенде,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар