Өлең, жыр, ақындар

Альбомға

  • 17.03.2015
  • 1
  • 4
  • 16235
Сал демеймін сөзіме ықыласыңды,
Қайғылы өлең еттім өз басымды.
Көкірегім бар сырын өз әлінше,
Көрінгенге көрсетпей, көп жасырды.

Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау, тентек өмір
Арттағыға бір белгі қойса нетер?

Кім біледі, кез болса арттағылар
Ойға салып оқыр да, сөзін сынар.
Көзін салып, ойланып кейбір сөзін,
«Рас ау» деп мағынасын о дағы ұғар.

Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім
Жібермей, көп тоқтатар оның көзін.
Жолаушы жол үстінде тамаша еткен
Сықылды өткен жанның бір күмбезін.



Пікірлер (4)

АЙС

ӨТЕ ЖАҚСЫ ӨЛЕҢ

Ақылбикұлы Бибарыс

Абай жолы керемет

Ақылбикұлы Бибарыс

Абай өлеңдері өте жақсы

Мұрат

Абай Құнанбайұлының Альбомға атты өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Тәңірбердіге

  • 0
  • 0

Байсып, паңсып,
Көрінгенге бәлсіп,
Өзі ғана келгендей,
Дүниеге жансып.

Толық

Әбдірахман науқастанып жатқанда

  • 0
  • 0

Я, Құдай, бере көр,
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр
Шошыған жүректі.

Толық

Ата-анаға көз қуаныш

  • 1
  • 8

Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.

Толық

Қарап көріңіз