Өлең, жыр, ақындар

Метро

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1898
Жер асты сәнді, сұлу, сансыз жұлдыз,
(Секілді жарқырайды түні - күндіз)
Гранитпен мың құбылған қабырғасы,
Бір сарай таңғажайып, бір сұлу қыз...
Астында аяғымның мәрмәр тасы,
Жылтырап көзді тартып қабырғасы,
Ақықпен әшекейлеп әлеміштеп,
Көркемдеп иректелген айналасы.
Сан қызық, көзің тоймас сан тамаша,
Қарайсың құмарланып жас балаша,
Көрді көз гүлденгенін замананың,
Жаса елім, жаңа дүнием, жаса, жаса!
Дегендей қуанышқа батқан ойым,
Серпіліп күш кіргендей тұла бойым,
Алақтап әр нәрсеге көзім салып,
Ішінде тұрғанымда метроның.
Бір дауыс әлдеқайдан гүрілдеді,
Аяқты басқан орным «дірілдейді».
«Келеді... қазір келет» дегендей - ақ
Жүздері тұрғандардың күлімдейді.
Поезд келді. Тұрған жұрт қадам басты,
(Электр құрмет етіп, есік ашты).
Елеуреп елмен бірге мен де кірдім,
Жұрт тынды, бәрі отырды, орналасты.
Отырдым орталықтан орын алып,
Таңданып көргендерді тамаша ғып,
Неткен ой, неткен шебер, неткен мәнер
Әдемі неткен вагон асты мамық?
Па шіркін, данышпаны адамзаттың,
Сәулесі бақыт пенен махаббаттың.
Отаным заманамды гүлдендіріп,
Ақыры жердің астын аралаттың.
Ғажап ой жүрегімді қозғап, тербеп,
Денемді шаттандырып бақыт кернеп.
Бөленіп ең қызыққа отырғанда.
Тоқтады поезд - дағы вокзалға кеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойсей

  • 0
  • 0

Азаптан, халқым менің, мехнаттан
Күйзеліп, жын соққандай селкілдедің,
Ұялып келешектен, жас ұрпақтан,
Келмейді түні бойы ұйқым менің.

Толық

Қарындас

  • 0
  • 1

Жүзі гүлдей жайнаған,
Қарақат көзді қарындас.
Киіктей тауда ойнаған.
Сағымменен аралас

Толық

Қанжар

  • 0
  • 0

Өткір жүзі тұңғиық сырға батқан,
Батыр қолда қан кешіп кекке шапқан,
Арсыз ажал тәңірісі ақ қанжарды
Тұрды солдат көтеріп жерде жатқан.

Толық

Қарап көріңіз