Өлең, жыр, ақындар

Шетпеден сәлем

  • 12.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1674
Өлеңге емес, өлеңді табындырған,
Муза қызды өзіне жалындырған
Фаризамыз! Сәлем ал Маңғыстаудан!
Бір көрмесек айына сағындырған.
Маңғыстауың, жазираң, жатқан аңыз,
Қашаған мен жырлаған Ақтан-абыз.
Сіз солардан ізбасар, өр сәтті жол
Солар берген мұра деп мақтанамыз.
Бұл өмірдің ағы мен қарасы мол.
Дос қуантса, жаманның жаласы мол.
Біздер Сізді көрелік биіктерден.
Бүкіл елдің, адамның баласы бол!

Ақмоншақ Баужанова, Киев Мырзабаев, Құлыбек Сүлейменов, Сайком Еділханов, Асан Әбдіров, Әбубәкір Құдайбергенов, Нұржігіт Арықбаев.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз