Өлең, жыр, ақындар

Сүйгендіктен мен сені

  • 12.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4345
Сүйгендіктен мен сені,
Ар азабын тарттым көп,
Не тартпадым сен үшін,
Болды өртеген отым көп.
Көп жылдары отыңа,
Жандым, жаным, отын боп
Тоқимын да ойлаймын,
Сүюден тым тәтті жоқ.
Сүйдім, батты жаныма,
Сүюден тым қатты жоқ.
Қалдым ба екен болмаса,
Жалғыздықтан зәтті боп?
Әлде жүрек жұқарып,
Жадау тартар уақыты боп.
Жоқ, олардың бірі емес,
Жолықты жар тәтті боп....
* * *
Неге шат бүгін көңілім қуанышты?
Мас болды әлде жүрек арақ ішті?
Тасқыңдап бүгін неге қан қуатым,
Бойыма жидым қалай кеткен күшті?
***
Қуаныш, қуат, сенім біті маған,
(«Кел, күтем» деген келіп телеграм).
Бақ пойызына билет алып,
Отырмын, бүрсүгіні сонда барам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аттанған азамат

  • 0
  • 0

Бозарып атты жазғы таң,
Қозғалып өрді жанды жан,
Қызарып шықты отты күн.
Баласы жамап тұрманын,

Толық

Кеңес

  • 0
  • 0

Маған нан: журнал жақтан маса, сона
Ызылдап, маза бермей, ұшса айнала,
Үндеме, асыл сөзді қылма шығын,
Арсыз шу, ызыңына қарсы болма.

Толық

Қырман

  • 0
  • 0

Қылмыңдап қырға сұлу күн,
Қызуы қыздай жайнады.
Сәлемдесіп сәулемен
Су сумаңдап ойнады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар