Өлең, жыр, ақындар

Біздің көктем

  • 16.04.2015
  • 1
  • 9
  • 68634
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...



Пікірлер (9)

Жансая

Маған әдемі бір өлең тауып беріңіздерші өтініш

Еркеназ

Таудағы көктем деген өлең қалай жағдай

Қиабек Гүлдана

Жақсы

АМАНГАЛИ

Керемет

Дидар

Мұқағали Мақатаевтың Біздің көктем өлеңі ұнады

Менғой

Көктемге как раз керек болып тұр

Дилноза

Өте керемет

Інжу

Өте өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Сен қартайды дегенге

  • 1
  • 4

Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,
Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.

Толық

Дейтін еді қарт ақын

  • 1
  • 2

«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Толық

Қай күні менің тәмамдалады дастаным?

  • 1
  • 2

Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңадан ғана бастадым.
Биіктей берсін, биіктей берсін,өкінбен,
Мұнартып тұрған иындарым менен

Толық

Қарап көріңіз