Өлең, жыр, ақындар

Анашым...

  • 11.05.2018
  • 0
  • 1
  • 1776
Анашым...
Екен ғой тағдырым тарасым.
Уақыт өмірдің өлшемі,
Меңзейтін өлімнің арасын.

Дара шың...
Есімде үнің де қарасың.
Еске алып жанардан жас тамды,
Таңа алмай жүректің жарасын.

Үніңде...
Жеткенім кешеден бүгінге.
Мадақтап келіп тұр міскіндер,
Қадірің білінбей тіріңде...

Бейнеңіз...
Кезіккен жандаймыз бейне біз.
Өңімде жүргендей сезінем,
Түсіме енгенде кейде сіз...

Өтер із...
Жолығар сәттерге жетеміз.
Пенделер қонақтық мекенді,
Сіздердей біз тастап кетеміз.

Атылды оқ...
Шимайлап қоямын ақын боп.
Қасымда сіз жоқсыз ендеше,
Сағынбай жүруге хақым жоқ.



Пікірлер (1)

Айару

Бұлар керемет өлеңдер екен екен маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Таң қарайды

  • 0
  • 0

Тіршілігі тынды да таң қарайды,
Мен құшақтап отырмын заңғар айды.
Түнде менде тынымсыз тіршілік бар,
Бірақ оны көбісі аңдамайды.

Толық

Бүгін — жұма

  • 0
  • 0

Үндемейміз,
Өкпеліміз, Күн менен Түнге кей *біз*.
Хақ парызы, бес уақыт намазың жоқ,
Дұрысы,Тым - кедейміз...

Толық

Қу дүние...

  • 0
  • 0

Жанарыма жасырып мұнар айды,
Өз тағдырым өзіме ұнамайды.
Жетім мына жүректің жарасы ауыр,
Жәутеңдейтін жанар ма сығалайды?!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар